Дүниежүзі бойынша БАҚ жазасын өтеушілердің құқығын қорғау, тәрбие жұмыстарын жүргізу және өлім жазасыны тыйым салу туралы жиі айтады деп хабарлайды qamshy.kz. Еуропа түрмелерінде жазасын өтеушілерге барлық жағдай жасалса, дамыған деген АҚШ-та жағдай мүлде басқа. Түрмелерде адамдар азаптауға жиі ұшырайды.
Әлемдегі ең қорқынышты түрме Бразилияда. 2010 жылы мұнда жазасын өтеушілердің жаппай өлімі тіркелді. Бүлік кезінде 102 адам көз жұмды. Түрмеде дәрігер көмегін алу мүмкін емес деп айтуға болады. Ондағы жазасын өтеушілердің әр бесіншісі ВИЧ-пен ауырады. Түрмеде 7,5 мыңға жуық жазасын өтеуші бар. Оларды мыңдаған түрме қызметкері бақылайды.

Колорада штатындағы ADX Florence қатаң режимдегі мемлекеттік түрмесі де әлемдегі ең нашар түрмелердің бірі болып саналады. Жазасын өтеушілер аптаның тек 9 сағатын таза ауада өткізеді. Тәулігіне 22 сағат олар күннің көзін көрмейді. Олар тіпті бір-бірімен де сөйлесе алмайды.
Үшінші орынды Париж қаласындағы La Sante түрмесі алады. Ондағы жазасын өтеушілердің қиналатыны соншалық егеуқұйрықтарға арналған уды ішіп немесе басын қабырғаға соғып өлуге дайын. 1999 жылы ғана 124 адам өзіне қол жұмсаған. Түрменің бас дәрігері Вероника Вассер түрмедегі камералар толы екенін және адамдар аптасына тек 2 рет қана душ қабылдайтынын және түрмеде кеміргіштердің өте көп екенін айтады.

1867 жылы салынған түрменің күзетшілері жазасын өтеушілерге өте қатігез қарайды. Оларға су бермей, карцерге қамап, айуандықпен ұрады екен.
Әлемдегі ең қорқынышты түрмелердің тізіміне Сириядағы Тадморе түрмесі де кіреді. Тадморда әлі күнге дейін ортағасырлық азаптау әдісін қолданады.
Кениялық Найроби түрмесінде де жазасын өтеушілерді адам құрлы көрмейді. 800 адамға арналған камерада 3800 адамды орналастырған. Онда дәрігерлік көмекте көрсетілмейді, тіпті матраста жоқ. Камераларды ауа температурасы өте жоғары. Адамдар тіпті мұндай жағдайдан көз жұмып жатады.