Тергеу мәліметтері бойынша кішкене сәби итке таланған деп хабарлайды Қамшы порталы Риа Новости-ға сілтеме жасап. Сәбидің қатты таланғандығы соншалық, денесі мен жынысын, жасын анықтау мүмкін болмай отыр. Ресейдегі Краснодар өлкесінде өз сәбиін өлтірген анаға қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр.
Сараптамада белгілі болғандай сәби дүниеге сау болып келген. Мәліметтер бойынша, 22 ақпанда Ачинск қаласының тұрғыны өз үйіндегі байлаулы итін босатқан, арада біраз уақыт өткен соң, ит үйге пакетке оралған жаңа туған нәрестені алып келген. Сәби денесі адам шошырлық таланғандықтан, қазіргі уақытта сараптама жасау жұмыстарын жүргізу қиынға соғып жатқан көрінеді.
Оперативті-іздеу жұмыстары мен куәгерлерді табу, жаңа туған сәбиді көрген-білгендерді іздестіру жұмыстары, сонымен бірге, сәбиді итке талатқан ананың жеке басын анықтау шаралары жүзеге асырылуда.