Видеода сыртқы киімінің капюшонын басып киіп алып, жан-жағына қарап, теңселіп жүріп бара жатқан әйелді көруге болады. Ол жедел жәрдем көлігінен жасырынып, бір көліктің тасасына барып тығылған. Одан соң тез медициналық мекеме жаққа қарай бұрылып кетеді. Ол кезде таң атып келе жатқан еді. Әбден күн шыққанда тура сол бұрыштан емхана қызметкерлерінің бірі жаңа туған күйіндегі жалаңаш сәбиді алып шыққан.