«ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісі көктем мен көктемгі мерекелер қарсаңында дизель отынының бағасын төмендетеді деп хабарлайды qamshy.kz.
28 ақпаннан бастап «ҚазМұнайГаздың» барлық желілерінде дизель отынының құны литріне 128 теңгені құрайды. Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз Клуб» клуб картасының иесі болсаңыз, қосымша жеңілдіктер ала аласыз.
Айына 150 литрге дейін сатып алған жағдайда литріне 1 теңге, ал 150-ден 349 литрге дейін – литріне 2 теңге, ал айына 350 литр сатып алған кезде литріне 3 теңге жеңілдік аласыз.