Қазақты әлемге мойындатқан 22-жасар Димаш Құдайбергеннің танымалдылығы бүгінгі күні жер жарды. Қытайдың I am a singer байқауына қатысып, Джеки Чан, Лариа Фабиан сынды әлемге танымал тұлғалардың назарына іліккен Димаш тек қазақ жұртының емес, әлем әншісіне айналды. Бұндай жағдайлардан соң, халықтың Димашқа деген қызығушылығы күн санап артып келеді. Тіпті, Димаштың тойлардағы сұранысына да әсер еткен көрінеді. Той орталығының басшысы, әрі продюсері Жан Мұқанов Димаш Құдайбергеннің әр тойдан қанша алатынын жасырмай айтып берді, деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.
«Осыдан 1 ай бұрын тойлардағы гонорары 2 мың доллар болған Димаш Құдайбергеннің бүгінгі гонорары 15 мың долларға дейін өсті», - дейді ол.
Қазіргі уақыттың өзінде тойшыл қауым Димашты тойларына шақыруды бастап кетіпті. Сұраныс тым көп екен.
«Болашақта гонорары 25 мың долларға дейін көтерілсе де, таң қалуға болмайды», - дейді той индустриясы бизнесін қолға алған Жан Мұқанов.