Сақ болыңыз! Тағы бір қыз педофилдің құрбаны болды

/uploads/thumbnail/20170709215950269_small.jpg

Теміртаудың екінші шағын ауданында №120 мектепің маңында белгісіз ер адам кәмелет жасқа толмаған қызға шабуыл жасады деп хабарлайды qamshy.kz Теміртау ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҚК 120-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 «Қылмыс жасаған ер адамның ұлты анықталған жоқ, арықша келген, бойы 170-175 см, салдыр-салақтау киінгені белгілі. Ол қара түсті тоқылған бас киім, қара күртешеде, қара кеудеше, қара спорттық шалбарда, қара кроссовкада болған»  деп хабарлайды ІІБ.

Күдікті туралы естіген-білгендер болса, Теміртау ІІБ шығыс полиция бөліміне: 8 7213 95 42 00, 95 10 02 не 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз.


 

 

Қатысты Мақалалар