Сенсация! Бір күнде бес сәбиді дүниеге әкелген ана

/uploads/thumbnail/20170709220003325_small.jpg

36 жасар одессалық Оксана Кобелецкая екінші баласына аяғы ауыр екенін білгенде қуанышы көкке жетеді. Күйеуі Сергей екеуі 3 жасар қыз тәрбиелеп отырған ата-ана еді. Тағы балалы болуды тағатсыздана күтіп жүрді.

Бірақ, оларды бір ғажайып күтіп тұрды. Әлемде болмаған сенсация орын алды.

Оксана мен Сергей еш уақытта үлкен отбасы болуды ойламаған. Екі баламыз болса да жетеді деп жүрген отбасын таңғажайып жаңалық күтті.

Оның үстіне ерлі-зайыптылардың отбасыларында егіздер болып көрмеген. Сол үшін де Оксана өз өмірінде де ондай болмайтынына сенімді болды.

Алайда, әйел кезекті тексерістен өту үшін перзентханаға барғанда, дәрігерлер оған естен тандырарлық жаңалық айтты.

«Бәрі ойдағыдай өтіп келе жатты. Бірақ, дәрігер экранға қарай бергенде, түрі бозарып сала берді. Менің де үрейім ұшты. Жатырымдағы бала санын дауыстап санап жатып, бұндай анаға теңіз жағасынан үй сыйға тарту керек», - деп басын шайқады.

Әйтеуір, дәрігер тексеру нәтижесімен бөлісті: жатырымда бес бала бар екен. Бес сәбидің дүниеге келуі – өте сирек кездесетін жағдай. Дәрігерлер таңдай қақтырды, Оксананың өзі есін біраз жия алмай жүрді.

«Мен болып жатқан жағдайды толық түсіне алмай жүрдім. Түс көріп, бір уақытта оянатын секілді болдым», - деп ойымен бөлісті Оксана. Ерлі-зайыпты бұл жаңалыққа ұзақ уақыт көндіге алмай жүрді. Олардың өмірдегі жоспарлары басқа еді. Енді бәрін өзгертуге тура келеді. Бірақ, Алланың берген ерекше сыйынан бас тарту да мүмкін емес еді. Толғақ 30-аптада басталды. Оксана перзентханаға келгенде, оны сегіз дәрігер мен бірнеше медбикелер күтіп алды. Тіпті, медбикелер Оксанаға қымбат, әрі нәзік бұйым ретінде қараған.

Дүниеге 3 ұл, 2 қыз келді, бәрінің де дені сау.

Дарья, Александра, Денис, Владислав, Давид есімді 5 бүлдіршін нағыз жұлдыздарға айналып шыға келді. Олардың дүниеге келуі – әлем тарихында қайталана бермейтін жәйт, деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Көп балалы отбасы билік назарына да ілігіп үлгерген. Бүгінгі күні олар билік өкілдері сыйға тартақн жаңа пәтерде тұрады.

Бес бүлдіршінді жұлдыз ету үшін жарнамаға түсіруге өтініш айтып келетіндер де көп екен.

Үлкен бақыт бұйырған жас отбасы балаларының бәрін бірдей аяқтарынан тік тұрғызу қолдарынан келетініне сенімді.

Қатысты Мақалалар