ҮКІМЕТТЕ КАДРЛЫҚ АУЫСУЛАР БОЛА МА?

/uploads/thumbnail/20170709220231524_small.jpg

Астанада ҚР Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбаев өзінің денсаулығына байланысты өз еркімен қызметінен кетеді деген сыбыс тарап жүр. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің жұмысына көңілі толмайтынын және премьер-министрді ауыстыру мүмкін екенін айтып жүр деп жазады kz.expert.

Президент кадрлық өзгерістер жасауы мүмкін бе және не үшін?

Оның себебі айқын. Ел мен экономика, ішкі саяси тұрақтылық ауыр жағдайда қалды. Ал мұндай жағдайда Назарбаев шешімді тез қабылдайды. Мәселен, өткен ғасырдың 90-шы жылдардың басында дәстүрлі жолмен дағдарыстан шығу және экономиканы көтеру өте қиын болды. Сол кезде елбасы жас және болашағынан зор үміт күттірттетін, мемлекеттік қызмет мектебінен өтпеген Әкежан Қажыгелдинді премьер-министр қызметіне тағайындады.

Ал Қазақстанның Ұлттық банк төрағасы етіп Дәулет Сембаевты сайлады. Ол бұған дейін вице-премьер министр болған өте тәжірибелі экономист. Қазақстанның қазіргі экономикалық және әлеуметтік жағдайы алғашқы посткеңестік жылдарымен салыстырғанда әлде қайда жақсы. Десек те, өмір сүру деңгейінің бірден түсіп, көтерілуі қарсылық әлеуетін тудырып отыр.   Сонымен қатар, мемлекеттік аппарат және мемлекеттік құрылым «құлдырап» бара жатыр. Олардың жағдайды жақсартуға деген талпынысы әрқашан оң нәтиже бере бермейді. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев 20 жыл бұрынғы сәтті болған тәжірибесін қайталауы мүмкін.  

Бүгінгінің маңызды қызметтері - премьер-министр, Ұлттық банк төрағасы және мемлекеттік билікті басқаратын, оның ішінде кадрларды тағайындайтындардың ішінде тек Данияр Әкішов қана өз орнында отыр деп айтуға болады. Ал Әділбек Жақсыбаев пен Бақытжан Сағынтаевқа қатысты айтар болсақ, оларды халықты артынан ерте алатын, тәуекелге барып, қиын жағдайда жеңіске жетеді деп айта алмайсың. Бұл дегеніміз президент өз серіктестерін талапқа жауап беретін адамдарға ауыстыруға мәжбүр болады деген сөз. Осыған орай олардың орнын кім басуы мүмкін және Назарбаевта қандай таңдау бар екенін болжап көруге болады.

Ең алдымен президент әкімшілігінің төрағасынан бастайық. Бұл қызметке ҚР Парламент Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин үміткер бола алады. Алайда, біздің пайымдауымызша Нұрлан Зайруллаұлының оған мүмкіндігі аз. Себебі ол Ақ Орда да өте қатал тәртіппен жұмыс істеп басқарушы элитаның көбімен қарым-қатынасын бұзып алды. Ол президент әкімшілігіне қайта келген жағдайда да оның оппоненттері оған кедергі келтіре бастайды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов туралы да осыны айтуға болады.

Басқа үміткерлердің ішінен ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталғаннан кейін жұмыссыз қалатын Ахметжан Есімовті және кәсіпкерлікпен айналысып жүрген Болат Өтемұратовты айтуға болады.

Алайда Иманғали Тасмағанбетовтың өзі саясаттың бел ортасында жүрмеуді қалағаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың серіктестері жағдайдың күрделілігін түсініп тәуекелге баруға дайын емес екендігін аңғаруға болады.

Сондықтан, президент әкімшілігінің жаңа басшысы және премьер-министр ендігі буынға беріледі деп айтуға болады. Олардың ішінен ең бірінше ойға Астана әкімі Әсет Исекешов, Алматы әкімі Бауыржан Бәйбек, Қызылорда облысынан Қырымбек Көшербаев келеді. Олар жас, үнемі халықтың алдында жүреді және билікте оппоненттері көп еместігімен ұтады.

Алайда нақты болжам айта алмайсың. Себебі елде жоғары лауазымдарға адамдарды таңдау ашық түрде жүргізілмейді. ҚР вице-премьер қызметін ойдағыдай атқара алмаған Дариға Назарбаеваның мемлекеттік қызметтке қайтып оралмайтынын ғана анық айтуға болады.   

Қуандық Бишімбаев қамауға алынғаннан кейін «болашақтықтардың» мемлекеттік аппараттағы беделі түсіп қалды. Қазір олар министрдің орынбасары және облыс әкімдері қызметіне үміткер бола алады.

Нұрсұлтан Назарбаев керемет үкімет жасақтап, олар қазіргі мәселелерді шешіп, елді даму мен көркейтуге бағыттайтын жолға салуға тырысатын болады.

 

Аударған: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар