Youtube желісіне Серік Керей есімді азамат халықты ойын сан-саққа жүгіртетін видео жариялаған. Азамат аталмыш видеоны "Қазақтар Қытайдың туын шығарып жатыр" деген жазбамен желіге таратқан.
"Қытай қазақтары қытай мемлекет əнұранын Қазақ тілінде айтып, қытайлар қытайша айтып жатыр", - деп жазған видео авторы.
Кейбір мәліметтерге сүйенер болсақ, Қытайда 1,5 миллион қандасымыз тұрады екен. Ал кейінгі жылдары олардың саны 3 миллионға дейін жетіпті.
"Қытай елінде аз санды ұлттар қоныстанған өңірлерде «кіші мəдениет төңкерісі» жүріп жатыр. Ауылдарда ту шығаруға халықты жинап, мемлекет əнұранын айтқызуда", - деп жазады Серік Керей.
Видеоның көргендердің кейбіреулері: "Қытайлар қазақтарға ту мен әнұранды қалай құрметтеу керек екендігін үйретіп жатыр" деген пікірде болған.