81 жастағы Масако Вакамия өзінің мобильді қосымшасын халықтың назарына ұсынды. Жапондық Вакамия 43 жыл бойы орталық банктердің бірінде жұмыс істеп, 60 жасында компьютерді үйреніп алды. Оның жасап шығарған қосымшасы Hinadan деп аталады. Бұл hina (қуыршақ) және dan (өз орнына орналастыру) сөздерінен құралған.
Вакамияның өз блогы да бар. Онда ол Excel-мен қалай сурет салуға болатынын көрсетеді. Сонымен қатар, өз блогында саяхат жасаған елдері туралы айтады. Оның Токиода зейнеткерлерді өмірден ләззат алуды, уақытты тиімді әрі қызықты етіп өткізуге үйрететін клубы да бар.
Төмендегі видео Масако Вакамияның TEDx-те сөйлеген сөзі.