Астана қаласында бір топ жастардың полицейлерге көрсеткен қыры туралы видеосы кеңінен таралып кеткен еді. Түнде халықтың тыныштығын бұзып, полицейлерге де бағынбаған бір топ жігіттер БАҚ-та шенеуніктердің баласы ретінде айтылды. Алайда Астана қалалық ІІД таратқан хабарламаға сәйкес, 26 ақпанда тәртіп бұзғандар жоғары лауазымды шенеуніктердің балалары емес. Олардың ата-аналары кәсіпкерлер екен. Ал жігіттердің өздері жанармай құю бекетінде оператор болып жұмыс істесе, енді бірі жүргізуші, есепші және арасында жұмыссыздары да бар.