Британдық мұсылман саяхатшы қыз Ресейдегі исламофобия туралы

/uploads/thumbnail/20170709221011285_small.jpg

Араб ұлтының өкілі британдық  Эсра Алхамал бүкіл әлемде хиджабпен саяхаттайды. Британдық қыздың сөзіне қарағанда Ресейде исламафобия деңгейі шектен шығып кеткен деп хабарлайды «Қамшы порталы» lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Эсраның айтуы бойынша, ол көптеген мемлекеттерге саяхаттаған соның ішінде  Ресей мұсылмандарға ала көзбен, қастықпен қарайтын елдер қатарына кіреді.

Ол елдер қатарында АҚШ-та бар. Дональд Трамптың босқындарға қатысты  қабылдаған заңының кесірінен, АҚШ-қа бара алмайтынын айтады. Турист қыз  2015 жылы терракт әрекеттерінен кейін Парижде де болғанын, сонда болғанда  тұрғындардан өзіне қатысты қастық, теріс қылықтар күткенін, алайда олардың тарапынан одай ештеңенің байқалмағанын айтады.     

Мұсылдандарға ұқсамау үшін орамалды басқаша тағу керек болған сәттердің орын алғанын жеткізді. Басындағы орамалды Шри Ланкада жүрген кезде шешуге талап еткенін, храмдардың біріне кірерде басындағы орамалын шешуді сұрағанын, алайда саяхатшы қыз ол храмға кіруден бас тартқанын айтты.

Саяхатшы-мұсылмандар үшін ең қолайлы елдер рейтингісінде Ресей 2016 жылы    130   елдің ішінен 49-орын алған. Қазіргі уақытта біртіндеп  халал стандарттарға көшіп жатқан Ресей, қонақ үйлерін де ислам нормасына ыңғайлап жасап жатқан көрінеді.

Десе де, Ресейдегі исламофобия басқа елдерге қарағанда анық әрі айқын білінетіні жасырын емес.

Қатысты Мақалалар