МұхШЕР. «ПОКА, БРАТАН...»

/uploads/thumbnail/20170708153841940_small.jpg

Сіздер мені кім деп ойлап жүрсіздер? Жәй ғана сатирик деп пе? Былтырдан бері Ресей президенті Владимир Путинмен ішек-қарындай аралаласып жүрмін. Әйелімен ажырасқанда да «құтты болсын!» айтып, барып қайтқанмын. Кремльге... Кешегі «Селигер–2014» жастар форумында сөй¬ле-ген сөзіне жыным келіп, «братишкаға» сәлем хат жазған едім, соны оқып берейін: ...Алтыннан арзан, аюдан тырнақты, тымпиған «братишкам» менің Владимиржан! Как дела? Украйнаға шабуылды бастап кетіпсің ғой, е? "Қой" деп едім ғой? Ұялмайсың ба? Бейбіт халықтың қаны төгілді ғой... Украйна президенті Порошенко екеуің Шымкентке, біздің үйге келіп кетсеңші? Бір қой сойып, араларыңа бір шиша арақ қойып, екеуіңді жарастырып жіберейін! Американың айтақтарына бола абыройларыңнан айырылып не болды, сонша? Владимиржан, өткенде бір қап құрт салып жібергенмін. Сорып жүрсің бе? Саясатта шаршасаң, құрт сорған жақсы. Келіп кетсеңші... Өткендегідей моншаға барайық. Арқамды езіп бересің... Айтпақшы, балалы болдым, құтты болсын айтып келмедің ғой? Қолың тимеді ме, не? Ана Жириновский жындыңа айтшы! «Қуа» бермесін! «Украйнаны бір жақты етіп болған соң, келесі кезек– Қазақстандыкі» деп оттап отыр ғой, тұмсығына мен үшін бір періп жіберші! Мені «аға» деп сыйлайтыныңды білемін. Бірақ «Селигер–2014» жастар форумында сөйлеген сөзің ұнамады маған. «Қазақ жерінде бұрын мемлекет болмаған» дедің бе? Ұятсыз екенсің ғой ә? Өй, маған ызбандамадың ба? Сұрамадың ба? Қазақ тарихын айтып беретін едім ғой! Білмесең, нең бар айтып? «Кеңес өкіметі болмағанда, қазақтар көшіп-қонып жүре берер еді» дегің келді ғой ә? Ел болмасақ, Абылайхан қайда қалды? Кенесары хан ше? Керей мен Жәнібектен басталатын хандарды қайда қоямыз? Әбілхайыр, Әз Тәукелер ше? Владимир, шовинист болмасаңшы? Мен сені жақсы көремін, бірақ, өкпеледім саған... Кешікпей, Путиннен хат келді. Оқып берейін ә?

Привет, уважаемый Мухтар! Хатыңды алып, қуанып, кейінгі әйеліме оқып бердім. «Ой, ужас, сен не дегенсің? Немедленно кеширим сура...» деп жатыр. Өзіңе барып қайтуға, Украйнадан қол тимей кетті. Соғыс біткен соң екеуміз сенің нағашы аулыңа–Ақтасқа барып қайтайық та? Қошқарата әулиеге барып тәу етіп қайтпасам... Жолым болмай кетті тегі... Украйнаға байланысты еуропалық санкциялар қан қысымымды көтеріп жіберді. Сендерде қан қысымын емдейтін тәуіптер көп дейді ғой. Барып қайтсақ жарар еді... «Қазақстанда бұрын мемелекет болмаған» деп әшейін айтып қойыппын. Кешір, Муха... Бүкіл қазақ халқынан кешірім сұраймын. Әшейін, ойнап айта салып едім... Пока, братан...

Мұхтар Шерім. (Facebook-тегі парақшасынан алдынды.)

Қатысты Мақалалар