Күдіктілерге мемлекеттің қатаң бақылауындағы микроэлектронды бөлшектерді экспорттағаны үшін айып тағылуда. Ерекше құпия сақталатын технологияны қылмысты топ Ресейдің барлаушы және әскери мекемелеріне жеткізіп отырған. Өнеркәсіптік тыңшылар сәрсенбі күні Хьюстонда сот алдында жауап береді. Содан кейін тергеу амалдары Нью-Йоркте жалғаспақ. Прокуратураның мәліметі бойынша, қылмыстық топ АҚШ-та 2008-2012 жылдар аралығында жұмыс істеп тұрған. Айыпталушылар электроника дайындаушылар ретінде жасырын жұмыспен айналысқан. Яғни, Техаста Александр Фищенко деген азаматтың басшылық етуімен Arc Electronics атты фирма құрылған. Оның фирмасы бағдаршам шығарумен айналысқан. А.Фищенко Қазақстанда туған. Ленинград электротехника институтын тәмамдаған. 1994 жылы АҚШ-қа қоныс аударып, 2003 жылы Американың азаматтығын алған. «www.bnews.kz».
Пікір қалдыру