Агенттіктің хабарына қарағанда, зардап шеккендердің 9-ы тәртіп сақшылары. Жарақат алған жеті адам қаладағы ауруханаларда жатыр, өзгелері медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылған. Зардап шеккендердің жарақаты ауыр емес. Ал, ИТАР-ТАСС ақпаратына қарағанда, Бішкекте орын алған тәртіпсіздіктердің мән-жайын анықтау мақсатында ведомствоаралық топ құрылған. Оның құрамына республикадағы барлық құқық қорғау органдары өкілдері кірген. «Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ. Ведомствоаралық комиссия жұмысы аяқталған соң ғана бүгінгі оқиға туралы мәлімдеме жасауға болады», деп хабарлады Қырғызстан Республикасының Бас прокуратурасы. "Қамшы" сілтейді: www.bnews.kz
Пікір қалдыру