ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі: "Қаржы полициясының органдары ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Аманжан Рысқалиге сырттай айып тақты және оған іздеу жариялады"-, деп хабарлайды Хабарламада «1 қазанда Аманжан Рыскалиге сырттай айып тағылып, сотпен оны қамауға алу туралы санкция берілді. Ол іздеуге жарияланды», - делінген. Естеріңізге салар болсақ, 2012 жылдың 27 қыркүйегінде Қаржы полициясы агенттігінің тергеу-жедел тобымен «AB-Group» ЖШС-мен салынған тұрғын үйде жалпы құны 200 млн. теңге болатын 9 пәтерге жеке меншік құқығын алаяқтық жолмен иемденіп алу фактісі бойынша Аманжан Рысқалиге қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Қазір қылмыстық іс тергелуде, тергеуге байланысты өзге ақпарат жариялбайды. ақпарат негізі www.bnews.kz