Украина президенті Петр Порошенко ресейлік банктерге бір жылға санкция салу туралы ұсынысты мақұлдады деп хабарлайды "Қамшы" bbc-ге сілтеме жасап. Олар ВТБ Банк, БМ Банк, Сбербанк, Проминвестбанк және VS Bank.
«Мұндай санкциялардың салынуы кез-келген қаржылық операцияны жасауға тыйым салу. Оның ішіне банк аралық несие, депозит, қарыздар, құнды қағаздарды сатып алу және т.б.» деп нақтылады Украинаның Ұлттық банк төрағасының орынбасары Яков Смолий.
УҰБ төрағасының орынбасары Екатерина Рожкова ресейлік банктердің Украинаның жеке және заңды тұлғаларының алдындағы міндеті – 36 млрд. гривен екенін (1,34 млрд. доллар) және олардың несиелік портфелі – 150 млрд. гривенді құрайтынын айтты (5,58 млрд. доллар).
Мәскеу Ресей банктеріне қарсы Украинаның санкциялары халықаралық құқыққа қайшы екенін және Мәскеудің өз құқықтары үшін күресетінін жеткізген.