Астана көшелерінің бірі Ислам Кәрімовтың есімімен аталуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170709231844501_small.jpg

Астана көшілірінің біріне Ислам Кәрімовтың есімін беру мәселесі бір аптадан соң талқыланатын болады. Бұл жайында Астана қаласының тілдерді дамыту жөніндегі кеңесінің жетекшісі Тілеуғали Қышқашбаев «Казинформ» жаңалықтар қызметінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Көшеге Ислам Кәрімовтың есімін беру мәселесі бір аптадан кейін талқылануы мүмкін. Біз Сыртқы істер министрлігінен екі ел арасындағы Халықаралық келісім жайында хат алған болатынбыз. Хатта Қабанбай батыр мен Тұран көшелерінің ортасында орналасқан ұзындығы 682 метр болатын  Е-109 көшесіне Ислам Кәрімовтың есімін беру жайында жазылды».

Оның айтуынша, көшеге ат беру мәселесі қалалық мәслихаттың отырысында қаралған.

Сондай-ақ Тілеуғали Қышқашбаев Өзбекстанда еліміздің талай азаматтары жерленгенін, Өзбекстандағы Төле би атындағы мұржай да сол мемлекеттің еесебінде жұмыс істейтінін айтты.   
 Өзбекстанның Қазақстанға деген құрметі ерекше екенін де айтып қалды. Ташкентте еліміздің тарихи тұлғалары Абай, Төле бидің атымен аталған көшелер бар.

Қатысты Мақалалар