Ғаламторда Астана қаласы турасында әзіл видео жарияланды. Әзілдің астарында ащы шындық бар. Видео арқылы қаладағы көп мәселені аңғаруға болады.
Астанаға алғаш келген жігіт қаланы аралайды. Гид рөліндегі жігіт Астананың Санкт-Петербург, Мәскеу бизнес орталығын, Пекин Палас ғимаратын, Француздық стильдегі қалашық пен Милан қалашығын көрсетеді. Қала қонағы Қазақстан Астанасында өз дәстүріміз бен мәдениетімізден сыр шертетін жерді көрсетуді сұрайды. Сонда көлік жүргізушісі Көктал ауданына алып келеді. Одан жұпыны үйлерді, қиқы-жиқы көшелерді көресіз.