Б.Сағынтаев ШҚО-ға жұмыс сапары аясында Семейдің біраз нысандарын тексереді

/uploads/thumbnail/20170709231825891_small.jpeg

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Б. Сағынтаев Семей қаласының Халықаралық әуежайы мен ЖЭО-1 қайта құру жұмыстарын тексереді, «Назарбаев зияткерлік мектебінің» бөлімшесіне барады, сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында қала жұртшылығымен кездесу өткізеді.

Жұмыс сапары барысында Премьер-Министр ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының аймақтағы ірі өнеркәсіптік-индустриалдық және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, денсаулық сақтау және білім беру нысандарында жүзеге асырылу барысымен танысады.

Кеше Б. Сағынтаев Ақтоғай тау-кен байыту комбинатында, Өскемен арматура зауытында, Үлбі металлургия зауытында, майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығында, көз микрохирургиясы емханасына және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне барды.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының жетекшілерімен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

 

Қатысты Мақалалар