АҚШ-тың Аризона штатында орналасқан бір мешітке исламнан қорқатын исламофоб вандал баса көктеп кіріп, қасиетті Құранды қорлап, оны жыртып тастаған сәті видеотаспаға түсіп қалған. Құранды жыртып қана қоймай, қасиетті жазбаны аяқ астына шашып тастаған Туксон ислам орталығының басшылығының мәлімдеуінше, ол түнгі 3:30-да келіп, қасиетті Құранды қорлаған. Кейіннен бейнебақылау камерасына түсіп қалған азаматтың бұл іс-әрекеті әлеуметтік желіде таралып кеткен.
Пікір қалдыру