Балабақша тәрбиешілерінің тамағы тоқ, ал балалардың ше?

/uploads/thumbnail/20170709232137878_small.jpg

Ақтөбедегі балабақша әкімшілігіндегілер балалардың шай ішіп жатқаны түсірілген суретке қатысты түсінік берді. Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде балалардың дастарқанының бос тұрғаны, ал тәрбиешілердің керісінше мол дастархан үстінде отырған суреті таралған болатын. Суреттен тәрбиешілердің үстелінде жеміс-жидек, ет және басқа да тағамдар тұрғанын, ал балалардың үстелінде тек бір тәрелке мен бірнеше бауырсақ тұрғанын көруге болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Ақтөбедегі № 12 балабақшаның әдіскері бұл суреттің оларға қатысы жоқ екенін айтып отыр.

"Бұл балалар біздің балабақшамызда тәрбиеленіп жатқан жоқ. Біз қалалық білім бөліміне түсініктеме жаздық. Бұл біздің балабақша емес. Біздің ғимаратымыз емес. Тәрбиешілер де басқа. Сіздер осында келіп біздің топтағы балаларды көрсеңіздер болады. Таралып жатқан суреттің Ақтөбедегі 12 балабақшаға қатысы жоқ", - деді мекеме қызметкері.

Ал Ақтөбе қалалық білім бөліміндегілер қазіргі уақытта қаладағы балабақшалардан суреттегі адамдарды іздестіріп жатқанын хабарлады.

"Балабақшалар арасында сауалнама жүргіземіз, суретті көрсетеміз. Жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ақтөбеде түсірілген сурет деп айтып жатқандықтан, оларды табу керек. Суреттегі адамдарды тапқан жағдайда балабақша меңгерушісіне қатысты шаралар қолданамыз. Себебі бұлай болмауы тиіс", - деді орта және мектепке дейінгі білім беру секторының меңгерушісі Гүлназ Мырзағалиева.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар