Оңтүстік Кореяның студенті өзінің туған күнінде тәтті нан жеп, көз жұмды. Олар достарымен бірге "кім көп жейді" деген оймен бәстескен.
Кенеттен болған жағдай Кореяның Кванчжу қаласындағы демалыс үйлердің бірінде орын алған.
Бір топ студенттер жаңа оқу жылының басталуын атап өтуге келеді. Сауық кеші қыза бастаған сәтте көңіл көтеруге келген студенттердің бірінің жақында ғана туған күні өткендігі белгілі болады.
Медицина факультетінің төртінші курсында білім алып жатқан 21 жасар қызды барлық достары өткен туған күнімен құттықтауға кіріседі. Кейіннен атаулы датаның құрметіне орай бір қызықты ойын ұйымдастырмақ болып, ChocoPie күлшелерін кім көп жей алады деп бәс тігеді.
Туған күн иесі бұл бәстен жеңіп шыққысы келгені соншалықты, тәтті нанды көз ілестірмес жылдамдықпен аузына нығарлай түскен.
Тәтті нанға кептеліп қалған бойжеткен тез арада тазалық бөлмесіне жүгіріп шығады. Бірақ уақыт өте кештің қонақтары қыздың дәретханада талып жатқанын көреді. Дәрігерлердің көмегін қажет еткен студент қыз тез арада ауруханаға жеткізіледі. Алайда, дәрігерлер қыздың жан тапсырғанын хабарлайды.
Өлімнің не себепті орын алғаны әзірше анықталу үстінде. Десе де, дәрігерлер қыздың аса көп мөлшерде желінген нанның кесірінен болды деп паймдауда. Олар тәтті нан қыздың кеңірдегіне кетіп, тиісінше ауа өту жолдарын жауып тастаған деседі.
Мәлімет Вконтакте желісіндегі Жаңалықтар тобынан алынды.
Пікір қалдыру