Димаш Ниязов есімді қазақстандық азамат Нью-Йорктағы өзінің қызметі туралы айтып берді деп хабарлайды qamshy.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 13 жасында АҚШ-қа көшіп келген ол сонда тұрақтап қалған. Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында өзінің қызметі мен американдық полицей қызметкерлерінің өмірі турасында айтып, өз пікірімен, әсермен бөлісті. Нью-Йорктағы полицей департаментінде (New York City Police Department) Бруклин аудандарында қызмет істегеніне 3 жыл болған. 2017 жылы "үздік полицей қызметкері" атанған. Сонымен бірге Димаш кәсіби боксшы, 9 жекпе-жегінің 9-нда жеңіске жеткен.
Шымкент қаласының тұрғыны американдық заңдардың қаталдығын айта келіп, полицей қызметкерлеріне биліктің аса қатал екендігін айтады. Әсіресе жемқорлық мәселесіне қатаң қарайтынын айтты.
Пікір қалдыру