СҚО әкімі қаладағы мәселелерді халықпен бірлесіп шешетін болды

/uploads/thumbnail/20170709232453694_small.JPG

Cолтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Наурыз мейрамы қарсаңында облыс жұртшылығымен кездесті, оның барысында конструктивті сұхбат өтті.

«Мереке алдында сіздірмен арнайы кездесуімді жөн деп көрдім.  Өздеріңіз көріп, естіп отырсыздар, екі күн ішінде бүкіл аудан әкімдерін, қала әкімдерінің есептерін тыңдадым, қабылдадым , кеше басқарма мен департамент басшыларымен араласып, олармен де ой-пікірлесіп, проблемаларды талқыладық», - деді облыс әкімі.

Облыс әкімі қатысқан іс-шараға ҰОС, еңбек, спорт ардагерлері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, облыстың құрметті азаматтары, қоғамдық кеңестердің төрағалары қатысты.

«Мінекей бүгін үлкен мерекенің алдында қоғамдық пікірді қалыптастыратын азаматтармен кездесуді ұйымдастыруды жөн санап, ойларыңызбен бөлісіп, пікірлеріңізді, ұсыныстарыңызды тыңдау үшін алдарыңызға келіп отырмыз», - деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысы жиналғандарды Наурыз мейрамымен құттықтай  отырып, көктем мерекесін тек қалалар мен ауылдардың алаңдары мен көшелерінде тойламай, сондай-ақ, әр аулада да тойлауды ұсынды. 

 «Осы жылы біздер Наурыз мейрамын аулалық аумақтар мен тұрғын үй–жайларында қарсы алудан бастасақ,  жақсы дәстүр болар еді. Аулалардағы кіре-берістерді, балалардың ойын алаңдарын, тротуарларды, арықтар мен жауын-шашын кәріз жүйесін қардан тазарту, соңында, мүмкіндігінше, барлық ауламен мерекелік  дастархан жайып, күш пен шыдамдылықты тексеретін ұлттық ойындарды ұйымдастыру. Осы барлық іс-әрекеттер біздегі бірлік рухы мен ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтатынына сенімдімін», - деп атап өтті өңір басшысы.

Петропавлда тұрғын алабында 400-ден астам  аула бар.

Көне заманнан бері Наурыз мейрамы жандану мен табиғаттың жаңаруын білдіреді. Сонымен бірге, бұрынғы заманда Наурыз келгенге дейін адамдар өз үйлері мен шаруашылығын тазалық пен тәртіпке келтірген. Наурыз таза үйге келсе, ауру-сырқат, сәтсіздіктер, қасірет үй иелерінен айналып кетеді деп сенген.

Анықтама үшін:

1991 жылдың 15 наурызынан бастап  Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен 22 наурызды, көктемгі күн мен түннің теңелуін, мерекелік күн деп жариялады. Қазақстан Республикасының «Мерекелер» туралы заңына сәйкес Наурыз мейрамы - мемлекеттік мереке. Үстіміздегі жылы  Үкіметтің Қаулысымен Қазақстан азаматтары 5 күн демалу мүмкіндігіне ие болды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар