Сенат төрағасы Тоқаев Головкинді құттықтады

/uploads/thumbnail/20170709232946589_small.jpg

Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше АҚШ-та Джейбокспен 12 раундқа созылған жекпе-жек өткізіп, ұпай сенімен жеңген отандасымыз Геннадий Головкинді құттықтады деп хабарлайды Qamshy.kz.

Сенат төрағасы өз құттықтауын Twitter есебінде жазған.

 

Геннадий Головкинді мейірімді жеңіспен құттықтаймын. Жоғары кәсібіліктен басқа руxани кеңшілік білдірді, қарсыласты аяды. Мақтан тұтамыз.

— Kassym-JomartTokayev (@TokayevKZ) March 20, 2017

 

 

Поздравляю Г. Головкина с блестящей победой над Д. Джейкобсом! Молодец! Головкин - гордость всего Казахстана!

— Kassym-JomartTokayev (@TokayevKZ) March 20, 2017

 

 

Айта кетер болсақ, Головкинді жеңісінен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та құттықтаған еді. 

 

Н.Назарбаев поздравил Г.Головкина с очередной защитой чемпионских титулов по боксу среди профессионалов

— Пресс-служба Акорды (@AkordaPress) March 19, 2017

 

 

Еске салсақ, отандасымыз Головкин өзінің 37-інші жекпе-жегінде Джейбокспен Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында бокстасты. 

Мансабында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин шаршы алаңда 36 жекпе-жек өткізіп, 33-ін нокаутпен аяқтаған. Отандасымыз 2014 жылдың маусымынан бастап WBA нұсқасы бойынша суперчемпион, 2011 жылдан бастап IBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы, 2015 жылдан бастап IBF нұсқасы бойынша Әлем чемпионы титулдарына ие. Ал, 2016 жылы Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жек өткізуінен бас тартқаннан кейін WBC нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанды.
 

Қатысты Мақалалар