Косметика, тазалауға арналған және гигиеналық өнімдер, парфюмерия - адамның күнделікті өмірінде пайдаланатын заттар. Оны қолдана отырып оның қайдан алынып, қалай жасалғанына көп адам мән бермейді. Оларды жасау үшін көп жағдайда мыңдаған жануарлар құрбан болады. Шампунь, косметика және т.б заттарда тәжірибеден өткізу үшін жан-жануарларды пайдаланады.
Көп жағдайда тәжірибе қояндарға жүргізіледі екен. Себебі олардың бағасы арзан. 1944 жылы Драйзды тексеруден өткізу үшін оны альбинос қояндардың көз алмасына тамызып қоян ағзасының оған реакциясын күтеді екен. Ауруды басатын дәрілерді екпейтіні анық. 24 сағатқа созылатын тәжірибеде қоянның басын мықтап бекітіп қояды. Ол қышыған жерін тырнай алмауы үшін қажет. Тәжірибе аяқталғаннан кейін қоянды өлтіріп тастайды.
Иттер мен мысықтарға да көптеген тәжірибе өткізеді. Оларды көбіне шампунь мен тазалыққа арналған заттарды тексергенде пайдаланады. Жыл сайын әлемде осындай тәжірибелерден миллиондаған жануар өледі.

Тәжірибе үшін жануарларды пайдаланбаған өнімдер көбіне өсімдіктерден жасайды немесе басқа әдіспен тексереді. Оларды «ақ тізімге» кіргізеді. Оларды өнімдегі белгіден көруге болады. Онда көбіне жануармен тәжірибе жүргізілмеді деп жазылып тұрады немесе жануардың суреті қызыл белгінің ішінде болады.
