40 КҮН НЕМЕСЕ ҚАРИННІҢ РЕФОРМАСЫ

/uploads/thumbnail/20170709233022106_small.jpg

Ақпанның тоғызы күні Ерлан Тынымбайұлы «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. Содан бері қырық күн.

Сонымен, «Қазақстан» телерадиокорпарациясының төрағасы қызметіне келген Ерлан Қариннің «Қазақстан» телеарнасы редакциялық ақапараттық саясатын өзгерту бойынша бастамалары соңғы аптаның басты жаңалығына айналды деуге болады. Фейсбук әлеуметтік желісінде қызу талқыға түскен бұл тақырып қоғамның пікірін бір жақтан шығарды деске артық айтақанымыз емес. Өйткені, ұлттық арнаның жаңа форматқа көшкеніне қоғам толыққанды қолдау көрсетіп жатыр, мұны әлеуметтік желідегі реакциядан ақ байқауға болады. Әрине сын да айтылып жатыр. Бірақ Ерлан Қариннің өзі әлеуметтік желілерде қоғамның пікірін оқып, бірден сұрақтарға жауап беріп жүргеніңе фейсбук қолданушылары куә. Ол, журналисттердің айтуы бойынша эфир аяқталысымен бірден қызметкерлермен жиналыс жасап, қоғам тарапынан айтылған сындарды, ұсыныстарды ескеріп, оны түзету жолдарын дереу шешіп отырғаның анғару қиын емес.

Ұлттық арна жаңа форматқа көшкеніне бір аптаға жуық уақыт өтті. Кеше жарияланған бірқатар өлшемдерге қарағанда  өткен дүйсенбіден бері ұлттық арнаның жаңа бағдарламалары күн сайын шамамен 18-25 пайызға өсті. Конституцяиылық реформаға қатысты телекөпір жасап, бір студияға билік пен оппозиция өкілдерін жинап, өркениетті түрде, ашық пікірлерін білдіруге жағдай жасағаны қоғамның көңілінен шықты. Ұлттық арнадан көріне бермейтін саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері де салмақты ойларын эфирден айта бастады. Көзге сүйел болған, ұлттығымызға, мәдениетімізге, ділімізге жат «келін» сияқты соңы жоқ үнділердің сериалдарын ұлттық арна эфирінен мүлде алып тастады, ал түріктердің тек тарихи сериалдарын қалдыруды жоспарлап жатқаны тағы бар. «Таң шолпан» «Басты ақпарат» сынды жобаларды жаңа форматқа көшіру де айтарлықтай нәтижеге әкелді. Бір ғана мысал, қазақ телевизиясының майталмандары Қымбат Досжан мен Данияр Менілбек ұлттық арнаның «Басты ақпарат» жаңалықтарын жүргізушілері болғаны халықты қалай қуантқаны үлкен баға емес пе?! Жаңалықтардың мазмұны тұрғысынан «КТК жаңалықтары» немесе «Информбюро» жаңалықтарынан кем түспейтін, еліміздің өзекті мәселелерін ашық айта бастағаны ең басты жағымды өзгерістің бірі. «Басты ақпарат» сараптамалық жобасы іске қосылып, еліміздің жас әрі білікті сарапшылары қоғам алдына шығып, өзекті саяси мәселелер бойынша өз пікірлерін айтуда. Жаһанда жүріп жатқан процестер күн тәртібіне шығып жатқан кезде, оларға дереу талдау жасап, сарапшылық пікірін тікелей эфирде айтуы – халықты әлемдегі күрделі мәселелер бойынша ақпараттандырудын жақсы тәсілі болды. Мұны Е.Қариннің кәсіби саясаттанушы ретінде ұлттық арнаға алып келген кәсіби жаңалығы, қосқан үлесі деуге болады.

Ұлттық арна «Дисней» компаниясының ең жақсы мультфильмдерін қазақ тіліне аударып, сапалы дүниелерді балалар назарына ұсынуы – келер ұрпаққа қазақ тілін мықтап насихаттау деген сөз! Ал Ұлыбританяиның ең атақты «Шерлок» сериалын ағылшын тілінде, қазақ субтитріменен аптасына бір рет, 00:00ден кейін көрсету қоғамның назарына ең көп ілінген шешім болды және Шерлокты осылай көрсету шешімін әсіресе жастар қолдады. Қоғамның басым көпшілігі бұл идеямен келісіп отыр, оған дәлел болатын Жарылқап Қалыбай, Әміржан Қосанов, Расул Жұмалы, Асқар Құмыран, Ғабиден Жәкей сияқты басқада танымал аға буын өкілдері мен қазақ тілінің жанашырлары қолдау сөздерін айтуда. 

Сондай-ақ, Ұлттық арнаның web сайты жаңарып, мобилдік қосымшасы жетілдірілгенін де айрықша айта кету керек.

Ерлан Қарин өзін жаңа қырынан көрсетті. Телеарнаға тек сұхбат беріп қана шектеліп жүрген ол, жалпы телеарнаның басшылығына бір ай бұрын ғана келіп талай мәселені шешіп тастауға үлгерді, ұлттық арнаның ақпараттық, шығармашылық, редакциялық саясатын мүлде жаңа бағытқа бұрып, телеарнада ұлттың мүддесіне сай саясат жүргізе бастады. Мемлекетке шынымен адал қызмет етемін деген ниет болса мұндай реформаларды 1 айда іске асыруға болатының көрсеткен Ерлан Қарин «мемлекеттік саясат идеологы» статусын одан әрі күшейте түскені күмән тудырмайды. Қариннің өзі өзгерістердің басым көпшілігін күзде бастаймыз деп мәлімдеген болатын. Жалпы, Ерлан Қариннің ұлттық арнаны күрделі өзгерістерді қоғаммен тығыз байланыста, талқыда, ой алмастыруда өткізуі мемлекеттік институттарға үлгі болатын дайын жоба.

Ойды қорыта айтар болсақ, арнадағы өзгерістермен Қарин тек бір арнаға емес, бүкіл телевизия саласына жаңа трендттер қалыптастыруда. Осындай өзгерістерді жасау уақыт өте басқа арналарда да түптін түбінде орын алатыны анық! Солай жаңа ақпараттық жүей де қалыптасуы мүмкін. Негізінен, ұлттық арнаның реформасы – жалпы қазақ телевизиясының реформасы, қазақ журналистикасының жаңаруы, мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігінің күшеюін, билік пен қоғам арасындағы бірлікті сақтап, ұлттың потенциалын көтеріп, ұлттың модернизациялық процессін жүргізу болып табылады.

Нұрғали НҰРТАЙ

Қатысты Мақалалар