Қазақстан 1 сәуірден бастап халықаралық Карнет Ата кеден жүйесіне қосылады деп хабарлайды «Қамшы». Ол арқылы Қазақстан бір жылға баж салығынсыз тауарларды кіргізіп, экспорттай алады.
«Қазақстан Оңтүстік Шығыс Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік орталығы бола алады. Вьетнам және Еуразиялық экономикалық Одақ арасындағы келісім елдер арасындағы тауар айналымын арттыра алады» дейді Қазақстанның Вьетнамдағы елшісі Бекетжан Жұмаханов.