АҚШ тың ең бай адамдарының тізіміне кіретін миллиардер Дэвид Рокфеллер 102 жасқа келіп көз жұмды деп хабарлайды «Қамшы» порталы bbc.com-ға сілтеме жасап. Мұнай магнаты Джон Рокфеллердің немересі өзінің Нью-Йорктағы үйінде ұйқы үстінде көз жұмған. Дэвид Рокфеллер 1915 жылы Нью-Йоркта дүниеге келген.
Ол 41-ші АҚШ президенті Нельсон Рокфеллердің інісі. Бизнес саласында да, филантропия саласында да өзін көрсете білген. Өзінің 100 жылдық мерейтойында мемлекетке аумағы 4 квадрат километр болатын жер сыйлаған.
Байлық пен ауқаттылықта өскеніне қарамастан, Рокфеллерді ата анасы үнемдеу мен қайырымдылыққа үйреткен.
Ол Гарвард университетін бітіріп, экономика докторы деңгейін Чикаго университетінде қорғаған. Соғыс жылдарында әскери қызметте болып, капитан дәрежесіне дейін көтерілген.
Рокфеллер кедей мемлекеттерге көмектесу шараларына белсене араласқан. Өз ғұмырында ол 200ден астам басшылар мен лауазымды адамдармен кездескен.
Жұбайы 1996 жылы қайтыс болған, өзінің 6 баласы бар.