Француздық танымал телеарна Димаш туралы арнайы репортаж жасады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709233241405_small.png

«I am singer» жобасының қатысушысы қазақстандық Димаш Құдайбергеновтің Қытайдағы танымалдылығы жайында француздық  France 2  рейтингісі жоғары телеарнасы репортаж ұсынған. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Қазақпарат»-қа сілтеме жасап  хабарлайды.

-Мына ғажайып дауысты естіп тұрсыздар ма? Бұл дауыстың иесі Димаш. Бүгін осы жас жігіт туралы, оның әлеуметтік желідегі танымалдылығы туралы сөз қоозғайтын боламыз. Осы әнді айтып ол өзінің атағын шығарды- деп атап өтті таңғы бағдарлама жүргізушісі.

-Иә, ол Дэниел Балавунның ауыр өлеңін орындады. Сондықтан ол, мақтауға ғана емес медаль тағуға да лайықты, -деді жүргізуші.

Француздық бағдарламада Димаштың келбетті, сымбатты әрі тартымды екенін, сонымен бірге түр-тұлғасы жағынан қытайлыққа ұқсайтынын да айтылды. Репортажда Димаш Құдайбергеновтің ұлты қазақ екендігі, және ол қытайша білмейтіндігі де сөз етілді. Алайда, Weibo әлеуметтік желісінде оның 3 миллион жанкүйері бар екендігін, ал қытай әлеуметтік желілеріндегі Димаштың орындауларында 1,5 млрд қаралым болғандығын да айтты.

Айта кетейік соңғы жаңалықтар бойынша, Димаш 10-турда үшінші орын алып, келесі кезеңге жолдама алды.

Қатысты Мақалалар