Қытайда дәретхана алдындағы сығылыстан 2 адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170709233818113_small.jpg

 

Қытайдағы бастауыш мектептің дәретханасының алдында көп адамдардың арасында қысылып қалып екі адам қаза тапқан. Оқиға Хэнань провинциясында Пуянь уезінде орын алған. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кеше,  22 наурыз күні сағат 08:00 шамасында жиырмадан аса мектеп оқушылары  ауруханаға жеткізілді. Орын алған мәселе блойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде,

Жақын арада осындай адамдар тобы көп жиналған жерлерде сығылысып, қысылып қаза тауып жатқан адамадар саны өсіп келеді. Мәселен 13 наурызда  Аргентинада сығылыс нәтижесінде екі адам қаза тапқаны туралы айтылған болатын.Одан кейін Замбияда да дәл осындай мәселеден кейін сегіз адам көз жұмған.

Көпшілік адам жүрген жерде абай болу қажет. Себебі мұндай топтар эмоциялық тұрғыдан қорқыныш, толқу, дүрбелең-бейбалаңға бейім болады. Бір адамның қоқынышы басқаларға жұғады, сөйтіп дүрбелең тудырады.

Қатысты Мақалалар