Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж ақсақал, ғалым оқытушы Қылыш Ақсолтанның үйінде мерекелік күнді қарсы алды, деп хабарлады «Қамшы» порталы inform.kz-ке сілтеме жасап.
Кылыш Аксолтан Моңғолияда 53 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның 40 жылында Моңғол мемлекеттік университетінің экономика факультетінің ғылыми қызметкері, оқытушысы ретінде еңбек етті. Соңғы 13 жылда ол «Моңғол» ЖОО-да оқытушы болып жұмыс істейді.

Қылыш Ақсолтан жұбайы Аятолханмен, төрт баласы және 6 немересімен тұрып жатыр. Моңғолия президенті үй иесі мен моңғолиялық қазақтарды жыл басы - Наурызбен құттықтады. «Көктем мерекесінде ай мен күн теңеледі, көктем өзімен бірге жақсылық ала келеді», - деді Элбэгдорж ақсақалмен әңгімелесу барысында.
