6 қылмыскер кәмелетке толмаған қызды тікелей эфирде зорлаған

/uploads/thumbnail/20170709233907020_small.jpg

Бір топ ер адамдар кәмелетке толмаған қызды зорлағандарын Facebook  әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсеткен. Бұл туралы qamshy.kz Associated Press-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға АҚШ-та орын алған. Зардап шеккен қыздың анасы Чикаго полицей департаментіне 20-наурыз күні арызданған. Құқыққорғау органдарына он бес жасар қызының жексенбі күні жоғалғанын айтып, онлайн-трансляцияда бейнелеген қыздың суретін көрсеткен.

Тергеушілер қызды келесі күні тауып оны ата-анасының қолына табыстады.Алайда, қызды қалай және қай жерде тапқаны туралы ақпарат белгісіз. Қыздың сөзіне қарағанда, қылмыскердің біреуі оның танысы болған. Алайда, олардың жеке бастарын анықтау мүмкін болмаған.

Он бес жасар қызды зорлауға алты адам қатысқан. Ал онлайн эфирді қырық адам көрген. «Ешкім полицияға хабарласуды ойламаған да» дейді полиция қызметкерлері.

Facebook әлеуметтік желісінің пресс-хатшысы Андреа Сол компанияның бұл туралы ештеңе айта алмайтынын, мұндай жағдайдың өте сорақы екенін, бұндай контентті желіге жібермейтіндіктерін айтты. 

Қатысты Мақалалар