ТЕРРОРИЗМГЕ ТОҚТАУ БАР МА: НЕ СЕБЕПТІ ҰЛЫБРИТАНИЯ ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ЖАҢА НЫСАНАСЫНА АЙНАЛДЫ?

/uploads/thumbnail/20170709233848051_small.JPG

Еуропаға терроризм толқыны 2015 жылы келген соң, Ұлыбритания да оның құрбанына айналғандай..

Соңғы жаңалықтарға сәйкес, әуел баста жаяу жүргіншілер жолында адамдарды қағып өлтірген көлік жүргізушісінің жеке басы туралы мәліметтер белгісіз болса, қазіргі уақытта The Independent газетінің жазуына қарағанда шабуылды бір адам жасаған. Оның есемі Абу Иззадин (Тревор Брукс деп танылған), осыған дейін ол террористерді қаржыландыру мен экстремистік идеяларды ақтау үшін түрмеде жаза өтеген. Алайда, АВС телеканалы Иззадиннің қорғаушысының сөзіне сілтеме жасай отыра «Иззадиннің әлі де қамауда екенін және ол шабуылдаған адам болуы мүмкін емес» деп жеткізеді.

Бір қызығы бұл қанды шабуыл орын алған күн Брюссельдегі алғашқы жарылыс болған күнмен сәйкес. Сонымен бірге, Вашингттондағы антитерроризм конференциясының ашылу күнімен де сәйкес. Сонда гәп қайда жатыр..

Британиядағы шиеленіс

Лондон соңғы 12 жылда мүлдем террористік әрекеттер орын алмаған қала. Соңғы рет ірі көлемдегі шабуыл  2005 жылдың 7 шілдесінде орын алған. Террористік әрекет нәтижесінде 52 адам қаза болды.  Бұл Біріккен Корольдік тарихындағы ең үлкен терракт болды және оны  «Аль-Каида» ұйымдастырды деп айтылған болатын. Осы жылы осы сияқты тағы  бір террористік әрекет жасалды, алайда бомбалар жарылмай қалып ешкім зардап шеккен жоқ.

Осы әрекеттерден соң Ұлыбританиядағы қауіпсіздік шаралары нығайды. Тағы бір шабуыл   2013 жылдың 22 мамырында Лондонның оңтүстігінде орын алды. Онда екі ағайынды Майкл Адеболаджо мен Майкл Адебовале мачете қылышымен әскери  барабаншы Ли Ригбиді  бауыздап, видеоарнау жасаған. Бұл өлім қала тұрғындары мен ұлтжандыларды әлбетте бейжай қалдырған жоқ.

 

Лондондағы соңғы орын алған террористік оқиғаларға 2016 жылдың  3 тамызында болған қылмысты атауға болады. Рассел сквер дейтін жерде әйел бауыздалып, тағы бес адам жарақат алған болатын. Оны жасаған 19 жасар шығу тегі сомалийлік Норвегия азаматы болды.

«Лондонда қару жұмсау, ату өте сирек кездесетін құбылыс, сондықтан полицейлер қару жарақ құралдарын өздерімен бірге алып жұрмейді».

Ұлыбритания билігі 22 наурызда орын алған террористік шабуыл жайында пікірлерін өздерінің ішінде сақтап, жақ ашпай отыр, алайда сарапшы мамандар кешегі Лондонда орын алған қанды оқиғаны Брюссельдегі жарылыспен байланыстырып, сәйкестендіріп отыр. Онда  32  адам қайтыс болған болатын.

«Террористер қауіпсіздік шараларына құдды бір көңіл бөлмей, сайран құрып, өздерінің әрекеттерін Еуропаның кез келген жерінде іске асыра алатындықтарын дәлеледегілері келеді».

Британдық әскери күш органдары әлемдегі ең эффективті, мықты ұйымдардың бірі болып есептеледі. «Ислам мемлекетінің» пайда болғалы бері бұл органдардың жұмыстары көбейген сыңайлы. Британ мұсылмандары ішінде Таяу Шығысқа кетіп жатқандар саны бүгінде он мыңға жеткен.

Құқыққорғау органдары мұндай әрекеттерге жол бермеуге тырысады. Мәселен, осы жылдың ақпан айында Лондонда Таяу Шығысқа барып соғыспақшы болған ниетпен  Британияда терракт жасамақшы  болған бес бірдей жеткіншектер ұсталды.

Не дегенмен, Біріккен Корольдік Еуропаның басқа мемлекеттеріне қарағанда әлдеқайда қорғалған, қауіпсіздендірілген болып көрінеді. Алайда, кешегі болып өткен терракт жаңа трагедиялардың бастамасы болмасына кім кепіл?

Халықаралық мәселелер бойынша мемлекеттік думаның мүшесі Сергей Железняк бұл туралы былай дейді:

«Әлемнің түкпір-түкпіріндегі террористер адамдар арасында қорқыныш пен дүрбелең орнатқылары келеді» дейді. Оның ойынша, Лондондағы терракт қисынсыз саясаттың жаңғырығы іспетті. Еуропадағы әрбір қанды қақтығыс сайын көкейде сол баяғы сұрақ туындайды: Лондонда, Парижда, Берлинде, Брюсселде тағы қанша адам өлуі тиіс? Барлығы бірігіп күш жұмсау қажет екенін түсіну үшін тағы қанша адам ажал құшуы тиіс?» .

Еуропадағы терроризмнің шиеленісуін сарапшылар былай түсіндіреді:

«Мәселе тек ИГИЛ-ді насихаттауда ғана емес. Оның себебі тереңде жатыр. Еуропа белгісіз бір жылдамдықпен, өршіліспен дінге қарсы, діни көзқарастарға жат тәртіптерді, шарттарды қабылдайды. Мәселен айталық, дұрыс емес ориентациялы адамдарға деген толеранттылық мәселесі. Осының бәрін мұсылмандарға қабылдау қиынға соғады. Қабылдай алмайтындар бұл проблемамен осылай күрескісі келеді» дейді ол.

Белгиядағы қайғылы жағдай

Осыдан бір жыл бұрын Белгияның астанасындағы әуежайда «Малбек» станциясында террористік шабуыл орын алды. Оны «Ислам мемлекеті» тобы ұйымдастырған. Бұл жердегі айтылатын нәрсе, осы оқиға  Париждегі террористік қимылдардан кейін Белгияда терроризм қаупі аса жоғары деңгейде болғанына қарамастан орын алған.

                          Арада  жарты жыл өткен соң адамдар Брюсселге ұшуға, Брюссельден ұшуға қорқатын болды.  Бүгінде Брюссель аэропортында аса қатал тексеріс жүргізіледі. Барлық әуежай жерінде қарулы әскери адамдар күзетеді.

Осы жағдайдан кеін Белгия 30-ға тарта жаңа заңнамалар қабылдады. Терроризммен күрес мәселесіне €400 млн бөлінді.

Тағы да терракт болуы мүмкін деген болжамдар жасалуда. Осыған байланысты полиция күні-түні күзетте болып, әскери қызметкерлер де көмеке келуде.

Алайда, аэропорт полицей қызметкерлері әрбір қабылданған қауіпсіздік шарасы жұмысты қыйындатады, оны тым баяулататынын жасырмайды. Сондықтан  мұндай ұзақ тексерістен көп адамдар өткісі келмейді.

russian.rt.com

 

аударған Назерке Мұса

Қатысты Мақалалар