Атақты футбол құрамаларының жаттықтырушыcы болып жүрген Хидир Акбаш Қазақстанға көшіп келіп, қазақстандық футболдың өрлеуіне атсалыспақшы. Бұл жайында жаттқытырушы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып қалды.
Акбаш әлемдегі ең үлкен Deutsche Sporthochschule спорттық мектепті тәмамдаған. Докторлық дәрежесі мен әлемнің кез-келген нүктесінде жаттықтыра алатын мүмкіндікке ие УЕФА лицензиясы бар.
Бірнеше жыл Түркияның футбол командасын жаттықтырды. Германияда жұмыс істеп жүрген уақытта Алматылық қазақ аруға үйленді. Бүгінгі күні мектеп оқушыларын жаттықтырып жүр.
«Мен әлемдік масштабтағы футболға қызығамын. Футбол жайында бар ақпараттан хабардармын. Сондай-ақ, Қазақстандағы футболдың дәрежесін бес саусақтай білемін және қазақстандық құраманы жаттықтырғым келеді. Неге десеңіздер, әйелім қазақстандық, сол жерде жұмыс істеген өзіме де ыңғайлы болады. Менің ақпаратым бойынша, Қазақстанда футбол өте төменгі дәрежеде, тіпті дамымай бір орында қатып қалған. Менің мақсатым – әлсіз командаларды алға сүйреп, жетістікке жетелеу. Алайда, потенциал бар, тек мықты фундамент керек. Айта кетерлігі, менің ұлтым – түрік. Қазақстандықтар неміс, голланд мамандарымен жұмыс істегендіктен бір-бірін түсіне қоймаған шығар. Ал, мен қазақтарға бір табан жақынмын. Сондай-ақ, үлкен тәжірибем бар. Кельндегі ең мықты спорт мектебін бітіргенмін. Көп адамдармен жұмыс істедім, көп командаларды жаттықтырдым», - деп пікірін білдірді Германиялық жаттықтырушы.