Бүтіндей бір отбасын қырып салған қылмыскер 20 жыл өткен соң қолға түсті

/uploads/thumbnail/20170709234244226_small.jpg

Қылмыс 1996 жылы Мартук ауданында болған. 30 жастағы әйел мен оның 17 жастағы бауырын зорлап, өлтіріп, ал 6 жастағы бүлдіршін қыз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Информбюро, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

Мартук ауданындағы Қаратусай ауылы тұрғындарының зәресін алған қылмыс 1996 жылдың 22 қаңтарында болған. Жекеменшік үйден 30 жастағы әйел мен оның 17 жастағы інісінің мәйіті табылған. Зерттеу барысында, оларды зорлап, өлтіріп кеткендігі белгі болған.  Көз жұмған әйелдің 6 жастағы қызы сол бойы жоғалып кеткен.

Барынша күш жұмылдырып, іске кіріскенімен тергеу тобы қылмыстың бетін аша алмаған болатын. Олар тек аталмыш оқиғаға куәгер болған екі такси жүргізушісін ғана тапқан. Олардың бірі қылмыс болған күні бір жас жігіт пен белгісіз біреуді Мартук ауданынан Қаратусай ауылына алып келген. Ал екінші такси жүргізушісі келесі күні дәл сол еркекті бір кішкентай қызбен Қаратусай ауылынан Мартук ауданына алып барғанын айтқан. Осы істен соң ол із-түссіз жоқ болған.

Бұл оқиға 20 жыл бұрын болған. БҰҰ елдерімен бірлесіп жұмыс істеу кезінде мұндай оқиғалар Ресейде де болғандығы анықталды. 1996 жылдың қысында Тамбов ауданындағы Новохмелёвое ауылында 6 адамның денесі табылған, олардың арасында Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 6 жастағы қыздың мәйіті де болған. Курск облысында дәл сол қылмыскердің қолынан тағы екі адам қаза тапқандығы анықталды.

БҰҰ мемлекеттерінің Құқық қорғау органдарының бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде, аталған қылмыстың барлығын 1961 жылы туылған украиндық азаматтың жасағаны анықталды. Белгілі болғандай, қаскөй Украинадағы Хмельница ауданында тағы бір адам өлтіру ісі бойынша түзету колониясында жазасын өтеп жүр екен.

Қылмыскерді Ақтөбелік екі таксист суретінен танып, түсініктеме берген. Украина еліне Ақтөбе қаласындағы ІІД аса маңызды істермен айналысатын тергеуші барып, күдіктіні тергеуге алған. Қаскөйдің биологиялық үлгілерін эксперттер тексеріп, нәтижесінде, Ақтөбе облысында болған қылмысқа тікелей қатысы бар екендігі анықталды.

Қылмыстық іс ҚР Баспрокуратураның шешімімен Украинаға жіберілді.

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар