22 наурызда «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Ипотекалық Компаниясының желісі бойынша «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар 2017 жылғы Қысқы Универсиаданың ең белгілі объектісі – Атлетикалық ауылдан сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтерлерге ие болды деп хабарлайды Qamshy.kz холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет Басшысының бастамашылығымен жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға кезекте тұрғандардың 2000 аса отбасы толығымен әлеуметтік инфрақұрылым жүргізілген перспективалық шағынауданның тұрғындары аталатын болады. Пәтерлерді көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оралмандар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік органдардың қызметкерлері ала алады.
- Ойластырылған инфрақұрылыммен салынған тұруға арналған шағын аудан болып табылатын Атлетикалық ауылға жаңа қоныс аударушыларды құттықтағым келеді, – деді «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Руслан Кәкім – Ағымдағы жылы Алматы қаласындағы кезекте тұрғандарға Компания сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалға беру бағыты бойынша тағы да 1780 пәтер ұсынуды жоспарлап отыр. Ол - 47 үйден тұратын тұрғын үй кешені Түрксіб ауданында орналасқан Жас Қанат шағын ауданы. Жалпы аймақ бойынша Нұрлы жер бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 190 мың ш. м. болатын тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлаудамыз, бұл 3000-нан аса пәтер, сол себепті жаңа қоныс аудару бақытына кенелетіндердің саны арта түспек.

Атлетикалық ауыл кешені 23 гектардан аса аумақты алып жатыр, онда 14 тұрғын үй салынды (оның ішінде 10 үй 8-9 қабатты және 4 үй – 14 қабатты). «Элитстрой» компаниясы құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр, ол Қазақстан Ипотекалық Компаниясының қаржылық тұрғыдан қолдауымен, мемлекеттік бағдарламалар аясында ең біріншілердің қатарындағы және ең сенімді құрылыс компанияларының бірі болып отыр. Пәтерлер таза әрленген күйде тапсырылады, оны салу кезінде заманауи, экологиялық таза материалдар пайдаланылды. Кешен аумағы қазіргі заманға сай бейнебақылау, кіріп-шығуды бақылау және өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған. Мұнда ХҚКО, емхана, супермаркет, банк пен пошта бөлім
шесі, полицияның тірек пункттері жұмыс істейтін болады. 7000 адамдық мешіттің құрылысы жоспарлануда, қазақ ұлттық асханасымен мейрамхананың, ұлттық аспаптардың мультимедиялық мұражайының, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының және қолөнер кәдесыйларын сату орталығының жұмыстары ары қарай жалғасады.
Атлетикалық ауылды салу кезінде қазақстандық өндіріс материалдары пайдаланылды – бетон, цемент, металл прокаты, мырышпен қапталған металл, құрғақ құрылыс қоспалары және т.б., жобаға барлығы 500-ден аса отандық өндірушілер тартылды.
Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыра бастағаннан-ақ Қазақстан Ипотекалық Компаниясының бағыты бойынша 2 жыл ішінде тұрғын үйлерді пайдалануға ендіру республика бойынша 13 мыңнан аса пәтерді құрады. Тұрғын үйлер Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Ақтөбе, Ақтау, Өскемен, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Петропавл, Атырау, Рудный қалаларында, сонымен қатар Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануға берілді.
ҚИК желісі бойынша бағдарламаға қатысу үшін бастапқы жарна талап етілмейді, қосымша кепілдің қажеті жоқ, қарастырғаны үшін комиссия да алынбайды. Сатып алу құқығымен жалдау мерзімі - 20 жылды құрайды, мерзім аяқталғанда тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді, табыс жеткіліксіз болғанда кепілгерлерді тарту мүмкіндігі қарастырылған. Жалға алушыға ай сайынғы жалдау төлемдері сомасы мен өтеу кестесі белгіленеді, осыған сәйкес белгіленген соманы тұрақты негізде төлеп отыру керек.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Холдингті құру мақсаты ұлттық экономиканы дамыту мен әртараптандыру, инвестицияларды тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарындағы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. Холдингке кіретіндер: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ, «Казына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС, «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ. Холдинг осы компаниялардың акцияларының мемлекеттік пакетін иемдену және пайдалану құқығына ие.