Биыл Баянауылға әуежай салынады. Павлодар облысына қарасты «Баянауыл» ұлттық мемлекеттік табиғи паркі «Астана ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесі құрамына кіріп отыр. Осыған орай шетелдік туристердің келіп кетуін жеңілдету және жеделдету мақсатында ұлттық табиғи парк аумағына ұшып қону жолағы төселеді. Ол жерге әрине салмағы ауыр үлкен ұшақтар қона алмайды. Бірақ шағын ұшақтар мен тікұшақтар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік бар. Облыстық бюджеттен тиісті қаражаты бөлінген.
Баянауыл таулы өлке, ұшақтардың қонып ұшуына ыңғайлы жазық жер табу қиын. Бірақ 15-20 жолаушыға арналған шағын ұшақтар үшін ұзындығы 1200 метр болатын ұшу жолағы жеткілікті. Бұйыртса «Астана ЭКСПО» көрмесіне келген шетелдік туристердің өз уақыттарын үнемдеуге мүмкіндіктері болады.
Баянауыл қысы жазы туристерден босамайды. Жыл сайын шетелден 150 мыңдай қонақ келеді. Ал биылғы болжам бойынша баянауылдықтар жарты миллион туристі күтіп отыр. Сол үшін табиғи паркте және аудан орталығында күрделі абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 6 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініп қойған.
Баянаулдың еш жерге ұқсамайтын ерекше табиғатына тамсанбау мүмкін емес. Қазір бұл аймаққа ғалымдардың назары ауа бастаған. Өйткені флорасы мен фаунасы әлі түгел ашылып бітпеген. Былтырдың өзінде Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары көбелектің жаңа бес түрін анықтаған. Енді оларды қызыл кітапқа енгізбекші.
СҮЙІНДІК АХМЕТЖАНОВ "БАЯНАУЫЛ" ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Зерттесек әлі де бар, әлі құпияда жатыр. Әлі зерттеу керек. Фаунада жатқан көп құпияны ашсақ. Қарағанды университеті ғалымдары жұмыс істейін деп жатыр, осындай ғылыми жұмыстармен. Бізде өте сирек кезедсетін өсімдіктер бар, соларды зерттейміз деп отыр. Қызыл кітапқа кіргіземіз дейді.
Жалпы Баянауыл 1926 жылдан бастап қорғауға алынған. Ал 32 жыл бұрын ұлттық мемлекеттік табиғи паркі болып құрылды. Қазір көлемі 69 мың гектарға жуықтайды. Мамандардың, болашақта тағы ұлғайтсақ деген жоспары бар.
Ғабит Ұзақбай