Оңтүстік-Жезқазған кенішінде қайғылы оқиға орын алды

/uploads/thumbnail/20170709234333524_small.jpg

«Қазақмыс» компаниясы Тау-кен өндірістік кешені «Жезқазғантүстімет» ӨБ, Оңтүстік-Жезқазған кенішінде 20 наурызда орын алған  қайғылы оқиғаны хабарлайды. Алдын ала болжамдарға қарағанда, жер асты техникасының өздігінен жүріп кетуінің салдарынан 1987 жылы дүниеге келген, өздігінен жүретін жабдықтың машинисті  ауыр жарақаттан қаза болды.

Оқыс оқиғаны зерттеу үшін арнайы  комиссия құрылды.

«Қазақмыс» компаниясы және еңбек ұжымы отбасына және туысқандарының  қайғы қасіреттеріне ортақ екенін білдіреді.  

 

Қатысты Мақалалар