Шахматтан «Аikyn media open» турнирі өтеді

/uploads/thumbnail/20170709234340711_small.PNG

«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің жарыққа шығып жатқанына 13 жыл толды деп хабарлайды Qamshy.kz

Осыған орай бір мүшелге толған «Айқын» газетінің жүлдесі үшін журналистер, блогерлер, баспасөз хатшыларының қатысуымен шахматтан «Аikyn media open» турнирін ұйымдастырылады.

Турнир  26 наурызда Алматыдағы Оқушылар сарайында өтеді.

Еске сала кететін болсақ,  Президент және «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері «Айқын» газеті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Төрағалық етуіндегі «Нұр Отан» партиясының ресми басылымы.

Аптасына 4 рет, әр нөмірі 40 000 тиражбен жарық көретін басылымды депутаттар, үкімет мүшелері, зиялы қауым өкілдері, бизнесмендер, мұғалімдер мен дәрігерлер, т.б. ел тұрғындары оқиды. Бұдан бөлек ресми интернет-ресурсы күнделікті ақпараттарды жедел жариялап, газетке шыққан материалдар сайтта да жариялап мыңдаған оқырманға жылдам ақпарат таратады. 

Қатысты Мақалалар