Ер Оспанның рухы өр алтайды кезіп жүр,
Көкірегімді текпілеп оятады сезім жыр.
Қыран ғұмыр мұз балақ, баласы ол қазақтың,
Тұлпар тектес төзімді ұл...
Найзағайдай намысы от жүректі шарпыған,
Қара түнек заман ед, шырқалмайтын жарқын ән.
Алтын еді ол үшін алтайының әр тасы,
Асар ешбір ұлт жоқ еді, мынау қазақ халқынан.
Қара нардай көтерді халық жүгін бір өзі,
Үкі болып уілдептіл қататын түн өзі.
Шынжыр балақ шыбартөс аждаға мен алысты,
Арда ұлына шуағын төгіуші еді күн өзі.
Елі десе еліріп екіленіп ерлеген,
Қайран бабам намысын жат қолына бермеген.
Арыстандай айбатты батыр еді ол айтулы,
Қарсы келген дұшпанды табан асты жерлеген.
О,Оспанның рухы әр қазаққа ұяла,
О,Оспанның рухы қыран боп ұш қияға.
Сенің асқақ ерлігің бір өлеңге сия ма,
Ғұмыр сүру оспан боп арман енді қазаққа,
Оспан болып өлудің өзі бақыт сірәда....
Ер оспанның рухы өр алтайды кезіп жүр....
Гүлманат Әуелхан