1963 жылы Барбадоста Дженифер мен Джун Гиббонс есімді егіз қыздар дүниге келді. Қыздар тек бір-бірімен ғана сөйлесетін. Олар өздері ғана түсінетін тілді ойлап тапты. Дәрігерлердің бірі егіздердің сөздерін диктафонға жазып алып, олардың ағылшынша сөйлейтінін анықтаған. Өте жылдам сөйлегендіктен оларды басқалар түсінбеген. Кейбір ғалымдар бұны егіздердің интеллектуалдық деңгейінің жоғары дамығанының белгісі деп есептейді.
Қыздар дүниеге келгеннен кейін отбасымен Уэльске көшеді. Құрдастарының арасында жалғыз қара нәсілді болғандықтан, олардың тарапынан кемсіту, қорлауға жиі ұшырайтын. Осыдан кейін олар сыртқы ортадан бұрыңғысынан да оқшаулана түсті.

Егіздердің бір-біріне деген махаббаты қаншалықты күшті болса, жеккөрушілік сезімі соншалықты мықты болды. Джун өзінің күнделігінде әпкесін алып көлеңке секілді әлемді меннен оқшаулады деп жазған. Дженифер де екеуінің арасында тұншықтыратын қарым-қатынас орнағанын жазған.

Дәрігер мен ата-анасы қыздарды екі бөлек оқу орнына жібереді. Алайда, мұндай әдіс кері әсерін беріп, олар бұрыңғысынан бетер сыртқы ортадан өздерін алшақтай бастады.
Қыздар қайта қауышқаннан кейін романдар мен әңгімелер жаза бастайды. Алайда олардың жазбалары зорлық-зомбылық, қатігездік туралы болған. Баспаханалар мен БАҚ егіздердің жазбаларын шығарудан бас тартты. Осыдан кейін әпкелі-сіңлі адамдарға шабуыл жасап, ұрлыққа барады. Қыздардың психологиялық жағдайын тексеру барысында оларда психикалық ауытқулар бар екендігі анықталған. Егіздерді психиатриялық ауруханаға жатқызады. 11 жыл өмірін қыздар сонда өткізді.

Ауруханада Дженифер мен Джун біріміз бақытты ғұмыр кешуіміз үшін біріміз өлуіміз керек деген ұйғарымға келген. Дженифер өзіне қол жұмсауға бекінеді. Егіздерді басқа мекемеге ауыстырғанда Дженифер әпкесінің алдында өлі күйінде жатқан. Медициналық тексеру барысында миокардидан көз жұмғаны белгілі болды. Алайда қыздың қанынан жүрегіне әсер ететін ешқандай дәрі табылмаған. Ол кезде Дженифердің жасы 30-да еді.
Қазір Джун Гиббс ата-анасының үйінде тұрады. Оның жасы 53-те және ол әлеуметтік ортаға бейімделген. Десек те, оны барлығы түсіне бермейді.