Оңтүстік Корея прокуратурасы экс-президент Пак Кын Хені тұтқындауға ордер беруге ресми ұсыныс тастады, деп хабарлайды vesti.ru, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.
Прокуратура экс-президентті тұтқындау ісін қарастырып жатқандығы өткен сәрсенбіде, яғни 22 наурызда белгілі болды. Экс-президентті бірнеше сағат бойы тергеуге алған.
Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың желтоқсан айында Оңтүстік Корея парламенті президент Пак Кын Хеге қатысты импичмент жариялаған болатын. Оған жемқорлықпен айналысты және билігін асыра пайдаланды деген айып тағылған. Заңға сәйкес, кезектен тыс мемлекет басшысын сайлау Конституциялық соттың шешімі шыққаннан кейін 60 күн ішінде болуы қажет.