Ресейдегі жемқорлыққа қарсы акция (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709234852122_small.jpg

26-шы наурызда Ресейдің бірнеше қаласында жемқорлыққа қарсы акция өтті. Полиция жүздеген адамды ұстады деп хабарлайды bbc.com.

Санкт-Петербург. Плакат ұстағандар премьер-министр Дмитрий Медведевтің Алексей Навальныйдың айыптауларына жауап беруін сұрады.

Көбі саяси ұрандар жазылған плакаттармен шықты.

Мәскеудегі Пушкин алаңында бірден адамдарды ұстай бастады.

Ресей туымен шыққандары көп болды.

Кеңес кезінен бастап Мәскеудегі Пушкин алаңы қарсылық акциясын өткізетін жер болып есептеледі.

Ұсталғандардың көбіне әкімшілік хаттама толтырылады.

Митинг басталмай жатып-ақ Пушкин алаңындағыларды ұстай бастады.

Бір Мәскеудің өзінде 500 адамды полицейлер ұстап әкетті. Оның ішінде кәмелет жасқа толмағандары да бар.

Адамдар полиция автокөлігінде отырып та қарсылығын білдіріп жатты.

 

Аталмыш қарсылық акциясы кезінде ұсталған адамдар саны постсоветтік Ресей кезіндегі ең ауқымдысы болды.

Ұсталғандардың ішінде жемқорлыққа қарсы акциясын ұйымдастырған Алексей Навальный да бар.

 

Қатысты Мақалалар