ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне жаңа басшы тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170709235114155_small.jpg

Нұрлан Алдабергенов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Нұрлан Шәдібекұлы Алдабергенов 1962 жылы 19 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. 1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған. 1987 жылы В.В.Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтының аспирантурасын аяқтап, экономика ғылымдарының кандидаты атанады.  2005 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетті заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1988-1989 жылдары - Алматы сәулет-құрылыс институтында кіші, аға ғылыми қызметкер;

1989-1993 жылдары - Боралдай қабырға материалдары өндірістік бірлестігі Бас директорының орынбасары;

1993-1994 жылдары - «Алма» фирмасының бас директоры;

1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазагромелиоводхоз сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының бастығы;

1995-1996 жылдары - «Алма» фирмасының бас директоры.

1996 жылдан Алматы қаласы бойынша Баға және монополияға қарсы саясат комитеті төрағасының орынбасары.

1999 жылдан - Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры.

2004 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары.

2007 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы.

2012 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі болды. 

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған.

Қатысты Мақалалар