№1 Сұрақ: Орталық Азияда Астана мен Ташкент атты жаңа аймақтық дуэт пайда болуы мүмкін бе?
Егер Өзбекстан сыртқы экономикалық саясатын ұзақ мерзімге ашық түрде жүргізсе бұл болжам расталуы мүмкін деп жазады forbes.kz.
Өзбекстан Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынасты нығайтпақ. Өзбекстан президенті Астанаға келгенде екі ел арасындағы тауар айналымын 2020 жылға дейін $1,5 миллиардтан $5 миллиардқа дейін арттырғысы келетінін жасырмады.
ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік инфрақұрылымының интеграциясы «Жібек жолының Экономикалық орталығының» көлік транспорт коридорын құрудағы өте маңызды қадам болатынын айтқан.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы $840 миллионға жасалған экономикалық келісім екі ел арасындағы жаңа бастаманы білдіреді. Қазақстан мен Өзбекстанның экономикалық жүйесі екі түрлі екенін ескерсек бұл келісімдер тәжірибе жүзінде қалай іске асатыны белгісіз.
Шавкат Мирзиеевке дейінгі президент Ислам Каримовта Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін білдірген.
№2 сұрақ: Ташкент Назарбаевтың аймақтағы тығыз аймақтық қауымдасу идеясын қолдайды ма?
Өкінішке орай, аймақ және оның келешегі көңіл көншітпейді. Ортақ аймақтық бірде-бір жоба іске аспады. Өзбекстан үшін қазір аймақтағы екі жақты ғана қарым-қатынас маңызды. Ол Мирзиеев Қазақстанға келгенде айқын білінді. Елдер арасындағы қарым-қатынас ауқымды климаттық өзгерістерге ауадай қажет. Себебі Орталық Азияда су тапшылығы айқын сезіледі. Еуропа Одағының баяндамасында Орталық Азияда судың тапшылығының салдарынан келіспеушілік пайда болуы мүмкін екендігі айтылады. Бұл барлық елдерге әсер етеді.
Егер Өзбектан ерте ме кешпе аймақтық кооперацияның маңыздылығын түсінгенде алғашқы екі қадам жасауға болады. Олар Орталық Азия аясында су энергетикалық консорциумын құру, тауар, капитал, қызмет көрсету мен жұмыс күшінің еркін жүріп тұруына кедергілерді азайту инвестицияны арттыруына сеп болатынын атап өтті.
№3 сұрақ: Өзбекстан келешекте Қазақстанға бәскелес бола алады ма?
Екі апта бұрын ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Орталық Азияда Қазақстанға саяси бәсекелес бола алатынын айтты. Министрдің ойынша, Өзбекстанның мақсаты асқақ. Олар инвестиция мен нарық үшін күресуге толық мүмкіндігі бар ел.
Көрші елдің сыртқы саясаты мен экономикалық ашықтығы Қазақстан үшін тек пайда ғана емес, зияны да болуы мүмкін екенін байқауға болады. Өзбекстан сәтті экономикалық реформаларды іске асыру арқылы уақыт өте келе шикізат өндіру арқылы аймақтағы экономикалық көшбасшы болған Қазақстанды басып озу мүмкіндігі бар.
Әрине Қазақстан әлі де инвесторлар үшін өте ыңғайлы аймақ. Гамбург әлемдік экономика институтының 2015 жылғы рейтингісіне сай, инвесторларды көптеп тартатын елдердің ішінен Қазақстан Мексика мен Перудың ортасына Ресей мен Әзірбайжанды басып озып, 64-ші орынға жайғасты. Ал 2016 жылы Қазақстан елдің инвестициялық саясатын жақсартқан 25 елдің қатарына кірді. Doing Business банкінің 2017 жылғы рейтингісінде Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда 16 орынға бірден көтеріліп, 51-ші орыннан 35 орынға бірақ шықты.
Ресми деректерге сай, соңғы 22 жылда Қазақстанға құйылған инвестицияның көлемі $256 млрд. құрады. Егер Өзбекстан инвестицияны тартуға дәл осындай қадамдар жасаса инвесторларда таңдау болады. Өзбекстанның Қазақстанмен салыстырғанда нашар инвестициялық климаты республикамызға аймақта көш бастауға мүмкіндік берді. Мәселен, Doing Business-тің 2017 жылғы рейтингісінде Өзбекстан өткен жылмен салыстырғанда төмен түсіп кетті. Көрші ел 87-ші орынды місе тұтты. Оған «Кәсіпорынды тіркеу», «Несие алу», «Келісім шарттың орындалуын қамтамасыз ету» және т.б факторлардың ақсап тұрғаны әсер етті.
Heritage Foundation 2015 жылы Өзбекстандағы жемқорлықтың кең белең алуы мен меншік иелерінің құқығын қорғау, келісім шарттың орындалуы өз деңгейінде емес екенідігін анықтап, аталмыш елге160-шы орынды берген болатын.
Соңғы жылдары республикада шетелдік инвесторлардың қызметі турасында көптеген жанжал мен даудамай туындаған. Ислам Каримов экономикада мемлекеттің үлесін азайту арқылы экономиканы дамыту моделін ұстануға талпынған. Елге жаңа инвестицияларды тарту үшін Өзбекстанда 2015 жылы кәсіпорындарды жекешелендіру басталып кеткен. Сол кезде инвесторларға түрлі жеңілдіктер ұсынылды. Мұның барлығы Шавкат Мирзиеев премьер-министр болған уақытта жасалды. Қазан айында Мирзиеев «Кәсіпкерлікті дамытудың қосымша шараларын іске асыруды жылдамдату мен іскерлік климаттың сапасын жақсартуға» бұйрыққа қол қойды.
Егер Өзбексатанның билік басына келген жаңа басшылар іскерлік климатын өзгерту үшін қойып отырған мақсаттарының бірнешеуін болса да іске асырса Қазақстанға нағыз бәскелес болу мүмкіндігі артады. Сонымен қатар, Өзбекстанда арзан жұмыс күші бар. Бұл инвесторлар мен халықаралық кредиторларды қызықтырады.
Өзбекстанның Қазақстанмен салыстырғанда ұтатын тағы бір тұсы бар. Өзбекстанда билік ауысты. Аталмыш елде Ислам Каримовтың кезінде шешімін таппаған қордаланған мәселелер бар екені белгілі. Десек те, егер Өзбекстан саяси тұрақсыздығын қалпына келтірсе Қазақстанмен салыстырғанда инвесторлар үшін әлде қайда қызықтырақ әрі ұтымдырақ болары анық.
Аударған: Әсем Әлмұханбет