Француздық бойжеткен «Дайдидау» әнін орындап, Димашқа сәлем жолдады

/uploads/thumbnail/20170709235129280_small.jpg

Әлемнің түкпір-түкпірінен Димаштың жанкүйерлері ыстық ықыластарын білдіріп, түрлі сәлемдемелер жолдап жатыр. Солардың бірі Клэриз есімді француздық бойжеткен «Дайдидау» әнін орындап, Димашқа сәлем жолдады, деп хабарлайды «Қамшы»

«Сәлем, Димаш! Менің есімім – Клэриз және де мен Реюньон аралында тұрамын. Дәл бүгін сіз және сіздің керемет талантыңыз жайында өз пікрімді білдіруіме мүмкіндік туындап отыр. Алайда, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бір адамның «сіз өз әніңізбен соғысты тоқтата аласыз» деген пікір оқыған болатынмын. Өте керемет айтылған сөздер. Осы сөздер арқылы біз секілді жанкүйерлер сіздің дауысыңызды естіген кездегі өз ойымыз бен эмоцияларымызды жеткізе аламыз. Расымен де, осы уақытқа дейін бір әннің ішіне сұлулықты да, махаббатты да, эмоцияны да сыйғызып айтқан адамды көрмеппін. Енді сіздің тіліңіздегі әнді меңгеру кезегі бізге келді. Менің Дайдидауды айтқан себебім, бұл әннің сіздің жүрегіңізге жақын екенін білемін...» - дейді өз сәлемдемесінде Димаштың француздық жанкүйері.

Қатысты Мақалалар