Ивановск облысы, Шуя ауданында ауыр жарақаттады деген айыппен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды chastnik.ru, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» орталы оқырман назарына ұсынады.
Бұл оқиға 20 наурыз күні кешкі уақытта Темір жол бекетін жақын орналасқан үйлердің бірінде болған. 55 жастағы әйел ішінен алынған ауыр жарақаттың салдарынан ауруханаға келіп түскен. Медбикелер болған істі полиция қызметкерлеріне жеткізген.
Шұғыл тергеу тобы оқиға болған жерге келіп, мас күйінде отырған еркекті және куәгерлерді тергеуге алған. Кейіннен қылмыстың мән-жайын анықтады.
Деректерге сәйкес, қылмыс болардан біраз уақыт бұрын зардап шегушінің іші ауыра бастаған, мас күйіндегі ері әйелін ауруханаға баруға көндірмек болған. Алайда әйел барғысы келмей, қарсы болған. Нәтижесінде ашуға булыққан күйеуі асүйде тұрған пышақты алып, әйелінің ішіне сұғып алған.
Қазіргі таңда қылмыскер қолға түсіп, болған іске қатысты өз кінәсін толық мойындады. Оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесі талқылануда.