ҚЫЗЫН КӨЛІК ҚАҚҚАН АНА БАЛАСЫНА КӨМЕК СҰРАП ЗАР ЖЫЛАП ЖҮР

/uploads/thumbnail/20170709235542221_small.jpg

Сайтымызда «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚЫЗЫН КӨЛІК ҚАҚҚАН АНА ЗАҢНАН ӘДІЛДІК ІЗДЕП ЗАР ЖЫЛАП ЖҮР» атты мақаламыз шықты. Онда 7 жастағы Кәусар Сәрсенбай есімді қыздың басынан өткерген ауыр жағдайы баяндалады.

Айта кетейік, 2016 жылы Кәусар мектептен қайтып келе жатқанда, жолда жүк көлігі қағып кетеді. Көлік Көркейту мекемесіне тиесілі. Тағайындалған сот-медициналық сараптамасының 07.04.2016 жылғы №29 қорытындысы бойынша, жасөсіпірім Кәусар Сәрсенбай «Политравма. Ауыр жабық бас ми жарақаты. Бас миының соғылуы, 2-ші дәрежесі. Жұлын миының соғылуы. Беттің, маңдайдың жабық тіндері соғылуы, жарылуы. Екі сан сүйектерінің ортаңғы бөлігінің жабық көлденең ығысқан сынығы. Сегізкөз-жамбас қосылымы ажырауы, сол жақты отырықшы сүйектің ығысқан жабық сынығы, кіші жамбас сақинасының бұзылуы. Оң аяқ басының соғылған жарақаты. Жарақаттық шок, 2-ші дәрежесі. Постравматикалық ауыр дәрежелі анемия» деген қорытынды шығарған. (мақалаға қосымша ретінде барлық құжат берілді).

Кәусар 5 күн жан сақтау бөлімінде жатты. Операция жедел түрде жасалып, 21 күнге жетпей, 19 күнге толғанда ауруханадан оны шығарып жіберген. Лаура Мүкібаеваның адвокаты Гүлнәр Әлияқбарова 21 күнге жетпей жәбір көрген адам ауруханадан шығып кетсе, жарақаты жеңіл болып саналатынын айтқан.

Кәусар үйге келгеннен кейін жағдайы күрт нашарлап, аяғы ісіп кеткен. Амалы таусылған ана қарызданып Астанада қызының аяғына операция жасатады. Дәрігерлер тағы да ота жасау керектігін айтып отыр. Алайда жалғыз басты ана оған қажетті қаржыны таба алмай, қиналып отырған жайы бар.

Кәусардың анасы Лаура Мүкібаева Қызылорда қаласының ІІД рульде отырған Руслан Қамаловтың үстінен арызданған. Алайда сот жүргізушіні емес, 7 жастағы Кәусар Сәрсенбайды кінәлі деп тауып іс жабылған.

 «Қамшы» порталы Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылында болған оқиғаға қатысты, сот шешімін, медициналық сараптаманы, тергеу амалдары кезіндегі материалдарды заңгерге жіберді.

Заңгер экспертиза жүргізушінің көлікті тоқтатуға мүмкіндігі болған жоқ деп нақты көрсетіп тұрғанын  және мұндай жағдайда жәбірленушіге азаматтық тәртіпте талап арызбен сотқа жүгініп, мекемеден моральдық және материалдық шығындарды өндіріп алу керектігін айтты.

 

«Азаматтық Кодекстің 931 бабына сәйкес, жоғары қауіптілік көзімен (автокөлік соған жатады) келтірілген залал сол атвокөліктің меншік иесінен өндіріледі. Сонымен қатар, ол үшін жүргізушінің кінәсі болғаны немесе болмағаны маңызды емес, кінәсі болмаса да залал толық өніріледі» дейді заңгер.

 

Қазір Лаура Мүкібаева заңгердің кеңесі бойынша қайта сотқа жүгінбек. Оның бірнеше уақыт алатыны анық. Ал кішкентай Кәусардың жағдайы нашарлап барады. Жиі талып қалады екен. Дәрігерлер басына қатты зақым келгенін айтады. Бір жыл бұрын ғана жүгіріп, ойнап жүрген бала қазір не істеп, не қойғанын білмейтін жағдайлары жиі болады екен. Дәрігерлер Кәусарға шұғыл аяғына операция жасау керектігін айтады. Алайда Кәусардан бөлек алты айлық баласы бар жалғыз басты ана жұмыссыз екенін айтады. Ашынған ана қайырымды жандардан көмек сұрайды.

 

Кәусарға көмек көрсете аламын дегендер «Қамшының» редакциясына хабарласып көмекке мұқтаж жанның мекенжайын, байланыс дерегін ала алады. Қосымша Кәусар Сәрсенбайдың шотын жазып отырмыз.

Халық Банк

ЖСН/ИИН: 810907402337

KZ 6233571092072764

 Қамшыгер: Әсем Әлмұханбет

 

Қатысты Мақалалар